Новости

          • «Worldskills Jambul- 2021»

          • 2021 жылдың қыркүйек айының 23-25 аралығында Тараз қаласында өткен «Worldskills Jambul- 2021» Ұлттық чемпионатына «Пісіру ісі» құзіреттілігі бойынша қатысқан колледжіміздің түлегі Бектұрғанов Медетті жүлделі 3-ші орын алған жеңісімен және колледж түлектері Дәуренбеков Мамыржанды « Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі, Қарашал Медетті «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша жүлделі 1-ші орындарды иеленіп, қазан айында өткізілетін Ұлттық чемпионатқа жолдама алуларымен құттықтаймыз!

            Жеңімпаз студенттерімізге өз мамандықтарын игеру жолында дендеріне саулық, бойларына жастық қайрат пен жігер тілей отыра, алдағы өтетін «Worldskills Kasakhstan» Ұлттық чемпионатында үздіктер қатарынан көрінуге сенім білдіре отырып, колледж ұжымы атынан қадамдарына сәттілік тілейміз!

            Колледж әкімшілігі

          • Кітап көрмесі ұйымдастырылды

          • Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған«Тәуелсіздік – ел бақыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

            Кітапханашы А.Құтпанбаева: -Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Осы кезеңде республикада тарихты еске алу,яғни қазақтың ұлы билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би; қуғынға ұшыраған қайраткерлер - Т.Рысқұлов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, (желтоқсан оқиғаларының қаһармандары және т.б.) сияқты көрнекті тұлғаларды еске алып, құрмет көрсету шараларының өткендігін, осы жылдар ішінде қазақ ақын - жазушыларының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайлы жазған шығармаларының жарық көруіне мол мүмкіндік туғанын,сондай-ақ жерлес қаламгерлеріміздің де еңбектері бар екенін айта келіп,олардың шығармаларымен таныстырды.

            Студенттер де өз кезегінде жерлес ақын - жазушылардың шығармаларын оқып, пікірлесті.

          • «Ертеңге үміт, өткенге тағзымнан басталады»

          • 2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қаратау құрылыс –техникалық колледжінің еріктілер тобы Қазақстан Ресубликсының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ауған соғысының ардагері Қоңарбаев Марат Қоңарбайұлының тұрғылықты мекен-жайында болып, күзгі бау-бақшаны тазалау және ретке келтіру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

            «Ертеңге үміт, өткенге тағзымнан басталады» деген мазмұнда тағы бір іс-шара осылай мәресіне жетті.

          • "Атадан қалған асыл мұра"

          • Әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері, әдет -ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан-ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде у Талас ауданының алқа билер төрағасы Әбсадық Сәулембаймен колледж жастары ашық аспан аясында "Атадан қалған асыл мұра" тақырыбында өзекті әңгіме өрбітті.

          • «Түнгі қаладағы балалар »

          • 2021 жылдың 18 қыркүйегінде Талас ауданы әкімінің жанындағы кәмілетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының ұйымдастыруымен, ҚР БжҒМ 2021 жылғы 27 тамыздағы №3-15-3/3405-И хатына сәйкес, «Түнгі қаладағы балалар » атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің әкімшілік қызметкерлері Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторларымен, қаладағы білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірге балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында қала аумағында рейд жұмыстарын атқарды. Іс-шара барысы жастар алеясы, орталық алаң, орталық саябақ, жастар саябағы, Б.Момышұлы, Ә. Молдағұлова, Шахтер көшелерін қамтыды.

          • Есірткісіз болашақ

          • 2021 жылдың 14 қыркүйегінде Қаратау құрылыс –техникалық колледжінде, Жамбыл облысының полиция департаментімен және білім басқармасымен жарияланған «Есірткіге қарсы күрес » акциясы аясында, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға қатысқан Жамбыл облысы ІІД Талас және Сарысу ауданаралық есірткіге қарсы күрес бөлім бастығы полиция капитаны Бектеміров Данияр Оспанұлы және Талас аудандық орталық емхананың алдын алу бөлімінің психологы Назгүл Қасымбекова қатысып, есірткімен байланысты қылмыстардың ерекшелігі мен оның құқықтық салдарына тоқталып, адам денсаулығы мен психикасына зиянына талдау жасады. Іс-шара соңында Н.Қасымбекова аудан бойынша наркологиялық есепте тұрғандар санының артуы бұл мәселенің қоғам үшін қазіргі таңда көкейкесті мәселеге айналып отырғандығын растайды,- деп түйіндеді.

          • Жас маман жобасы

          • Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде 1401000-« Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және 0902000 - «Электрмен қамту» мамандықтарына «Жас маман» жобасының бірінші кезеңі бойынша алынған қондырғылар, машина-механиздер келіп, арнайы дайындалған шеберханаларға алдын-ала жобаланған сызба бойынша орналастырылып, тоқ көздеріне жалғанды. Осы пайдалануға берілгелі отырған қондырғыларды қабылдау алдында «Жас маман» жобасымен келген қондырғыларды «қабылдау алу» жұмысшы комиссиясының құрамына өндіріс басшылары мен білікті инженерлік құрамы кіргізілген болатын.

            2021 жылдың 10 қыркүйекінде сол білікті мамандардың қатысуымен арнайы дайындалған шеберханада қондырғылардың жұмысы, орналасу орны, тоқ көздеріне жалғану жағдайларымен танысу, кеңес беру мақсатында «Фортис Констракшн» ЖШС техникалық директоры Байболов Бекмұрат Рымтайұлы, «Талас аудандық электр желілері» ЖШС бас инженері Умирзақов Жазылбек Қойбағарұлы6 Талас аудандық маслихатының депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, колледждің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Манатбек Нұрсұлтан Жексенұлы келіп, алынған қондырғылардың техникалық параметрлерімен, жұмысымен танысып, арнайы пән оқытушыларымен пікір алысып, тоқ көзіне жалғау, іске қосу барысында жүргізілетін жұмыстар бойынша кеңес берді.

            Алдағы күндерде осы жұмыстар 1201000- «Автомобиль көлігінетехникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша да мекемеден білікті мамандардың қатысуымен жалғасатын болады.

          • "Отбасы мәдениеті"

          • Адамға өмірде ең қымбаты -отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Отбасы-болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастырат ын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы. Бүгінгі күні жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын жете түсіндіру мақсатында Талас ауданының алқа билер төрағасы Әбсадық Сәулембай аға "Отбасы мәдениеті" тақырыбында жастарға ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, ата-бабаларымыздан қалған дана сөздерімізді терең түсіндіріп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

          • "Діни білім-тәрбие бастауы"

          • "Жастар" ресурстық орталығының теолог маманы Әнебеков Жанұзақ Рысбайұлы ашық аспан аясында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің студенттерімен "Діни білім-тәрбие бастауы" атты тақырыпта өзекті әңгіме өрбітті.

          •  «Түнгі қаладағы балалар » атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы 

          • 2021 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР БжҒМ 2021 жылғы 27 тамыздағы №3-15-3/3405-И хатына сәйкес, «Түнгі қаладағы балалар » атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің әкімшілік қызметкерлері Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторларымен, қаладағы білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірге балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында қала аумағында рейд жұмыстарын атқарды. Іс-шара барысы жастар алеясы, орталық алаң, орталық саябақ, жастар саябағы, Б.Момышұлы, Ә. Молдағұлова, Шахтер көшелерін қамтыды.

        • Расписание
          • Расписание

          • Просмотреть или распечатать текущее расписание. Школа еще не опубликовала расписание​​.
        • Замены
          • Замены

          • Просматеть изменения ежедневных замен в вашем расписании. В последние 30 дней школа не публиковала замен.
        • Учетная запись (аккаунт) пользователя
          • Учетная запись (аккаунт) пользователя

          • Для некоторых частей расписания или замен вам может потребоваться войти в систему. Если вы потеряли свой пароль, воспользуйтесь ссылкой «Я не знаю логин или пароль» и введите свой адрес электронной почты. Если вы еще не получили пароль, подождите, школа предоставит вам его, когда все будет готово.